Мамырда қазақстандықтар Lada, Hyundai, Toyota және KIA көліктерін жиірек сатып алды

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Мамырда Қазақстан аумағында Lada, Hyundai, Toyota және KIA көліктерінің сатылымы артты.

Бұл мәлімет Qncepto консалтинг компаниясының еліміздің көлік нарығына жасаған шолуында келтірілген.

Компанияның хабарлауынша, мамыр айында 7372 бірлік  жеңіл автокөлік сатылған. Бұл сәуірдегі көлемнен 4,92 пайызға артық. Ал ал өткен жылғы көлемнен 140,84 пайызға асып түседі.

Жалпы, жыл басынан бергі 5 айдың  ішінде жеңіл автомобиль сату 2,5 есе өсім көрсетіп, 27 612 бірлікке жеткен.

«Мамыра Lada, Hyundai, сонымен қатар Toyota және KIA маркалары жоғары өсім көрсетті. Бұл маркалардың нарық өсіміне қосқан үлесі 6 пайыздан асып жығылады», - делінген компания мәліметінде.