Бұл туралы Еуропалық топтың төрағасы Жан-Клод Юнкер мәлім етті. Оның айтуынша, оған дейін қаржылай көмек пакеті еуроаумақтың бірқатар елдерінің парламенттерінің, сондай-ақ Халықаралық валюта қорының мақұлдауларын алуы керек, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері грек экономикасын құтқаруға бағытталған шаралар пакетін мамырдың 2-сінде бекітті. Үш жылға есептелген несие екіге бөлініп беріледі - 80 миллиард еуроны Грекия Еуроодақтан алады, тағы 30 миллиард долларды - Халықаралық валюта қоры береді.
Мамырдың 7-сінде Брюссельде Еуроодақ елдері басшыларының шұғыл кеңесі өтіп, онда Грекияға қаржылай көмек бөлу мәселесі басты тақырып болады.