Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық өлкесінде орналасқан және 300 мыңға жуық тұрғыны бар қала көшелері мұз және қардан жасалған үлкен-үлкен мүсіндермен безендірілген. Олардың негізгі тақырыптары - орыс, қытай және моңғол фольклоры, тарихи кейіпкерлер. Әзіл-қалжыңға арналған композициялар да жоқ емес. Мысалы, «Бастысы - қауіпсіздік» деген жазу жазылған шамадан тыс жүк тиелген жеңіл автокөліктің мұз мүсіні.
Жаңа жылға және Рождествоға орайластырылған бұл мерекеге Ресейдің Забайкал өлкесінен, Бурятия Республикасынан делегациялар қатысуда. Бүгін кешке қала көшелерімен карнавалдық шеру өтеді, фольклорлық концерт болады.