деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
№1 бекеттегі күзетпен байланысты рәсім Павлодарда осыдан 30 жылдай уақыт бұрын, Даңқ мемориалы ашылған жылы пайда болған еді. Жастарды отансүйгіштікке баулитын, Ұлы Отан соғысы жылдары Отан үшін қаза болған жауынгерлерді құрметтеуге тәрбиелейтін осынау игі дәстүр соңғы жылдары ұмытыла бастаған еді.
Қала тұрғындары, «Мәңгілік алау» жанындағы құрметті күзетті қайта жандандыру керек деп санайды. 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы атап өтіледі, сондықтан да жастар халқының тарихын ұмытпаулары, ата-бабаларының ерліктерін есте сақтаулары керек.