Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті аяқталды

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қаласының 16-шағынауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында № 35 мектеп салтанатты түрде ашылды.

Бұл — Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша іске қосылған он үшінші мектеп.

Жаңа форматтағы білім беру ұйымы 1 500 оқушыға есептелген. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асатын мектепте 77 пән кабинеті қарастырылған.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

— Бұл бастама балалардың сапалы білім алып, болашақ мамандығын ертерек таңдауына жол ашады. Мектептер тек білім беру орны емес, оқушылардың қабілетін ашып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын кеңістікке айналуға тиіс, — деді аймақ басшысы.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Айта кетейік, бұғанға дейін Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген. Осылайша, жоба аясында 13 мектеп толық іске қосылып отыр.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі