Жансейт Исаханұлы Қайнарбаев 1984 жылғы 20 мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құланды ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Ақтау жолдары-07» ЖШС-де шебер қызметінен бастаған.
2008-2009 жылдары «Құлагер» ЖШС-де бас механиктің орынбасары, 2009-2012 жылдары «ТрансСервисСитиСтрой» ЖШС-нің басшысы қызметтерін атқарды.
2012-2014 жылдары «Тазалық» МКК-да бөлім басшысы, 2014-2015 жылдары «Коммуналдық қызмет» МКК-ның басшысы болды.
2015-2016 жылдары Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2016-2022 жылдары Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары болды.
2022-2024 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылғы 12 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарып келді.
Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жаздық.
Ал Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Сондай-ақ бүгін Жаңаөзен қаласының әкімі ауысқаны белгілі болды.
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.