Маңғыстауда 2000-нан астам адамның еңбек құқықтары бұзылған - прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM - Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2000-нан астам жұмысшыcsyың, оның ішінде 6 мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық (еңбек) құқықтарын қорғады.

Фото: gov.kz

Талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталды.

Мысалы, Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді, бұл талаптарды бұза отырып 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген.

Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қазіргі уақытта барлық заң бұзушылықтар жойылды, аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.