Жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісім-шартқа отырған сот анықтаған. Көрсетілген қызметтерге келісім-шарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдарға - сол кездегі білім басқармасының басшысы (Б.-ға 4 млн. теңге) және үш мектеп директоры (С.-ға 800 мың теңге, Н.-ға 2 млн теңге және Е.-ге - 1 млн теңге) жеке кәсіпкерден ақшалай қаражаттарын пара ретінде алған.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген. Аталған мән-жайларға шын жүректен өкінгені сондай-ақ жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы және мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының бар екені ескеріліп, жауапкершілік пен жаза жеңілдетілген. Бұған қоса жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігінде параның 50-ден 60-қа дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыстық Кодекстің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағында параның 40-тан 50-ге дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза көзделген.
Соттың шешімімен Б. мен Н.-ге ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.-ға ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен - 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 2 тармағына сәйкес, - 40 миллион теңге (параның 40 еселенген) мөлшерінде айыппұл салу. Жеке кәсіпкер Ш. ҚК-нің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен - 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.