Түрлі себептермен кәсіби жарамдылық емтиханынан 16 адам, соның ішінде 2 майор, 6 капитан және 8 аға лейтенант өте алмады.
Олардың дені үшін қайта аттестаттау күрделі сынаққа айналды. Құқық қорғау блогына есепке алыну үшін кеденшілер психологиялық тұрақтылық, логикалық ойлау бойынша тексерістен және әңгімелесуден өтті. Оған қоса кандидаттың білімін тексеретін 150 сұрақтан тұратын тест, дене шынықтыру және жауынгерлік сынақтар болды. Белгілі болғандай, кандидаттардың көбі дәл соңғысынан өте алмады.
Департаменттен хабарлағандай, жарамдылыққа тексеруден 31 офицер табысты өтті.