Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың шешімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Пания Сармурзина тағайындалды.

Пания Оңалбайқызы 1968 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген.  1992 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы облыстық кітапханада кітапханашы қызметінен бастады.

1995 жылы қаңтардан 1996 жылы ақпан айына дейін облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы. 1996-2004 жылдар аралығында облыстық мәдениет басқармасында бас маман қызметін атқарған.

2004 жылы қазан айында облыстық мәдениет басқармасына бөлім басшысы болып тағайындалады.

2007 жылы маусым айында  Мәдениет басқарма бастығының орынбасары, 2017 шілдеден бері басқарма басшысының міндетін атқарушы болып қызмет етті.