деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге «ҚазМунайГаз »ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алик Айдарбаев пен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Асқар Балжанов қатысты.
Қалыптасқан жағдайды қысқа мерзімде тиісті дәрежеде реттеу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Аманкелді Айтқұловтың басшылығында, Маңғыстау облысы әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. Комиссия құрамына жұмыс беруші компанияның, кәсіподақ және қызметкерлер мүддесін көздеуші қоғамдық ұйымдардың өкілдер енді.
Кездесу барысында жоғарыда аталған кәсіпорындар мен «КазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ-дағы заңсыз қарсылық акциясына қатысушылар көтерген мәселелер талқыланды. Сондай-ақ комиссия жұмысы кезінде кәсіпорындардың жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің жұмысқа шығуы үшін, ал еңбек тәртібін бұзғандықтан шығарылғандар жұмыс берушіге оларды қайтадан жұмысқа алуы жөнінде арыз беруі үшін қызметкерлерді жұмыстан босатуға мораторий жарияланатын болады. Азаматтардың талап-тілегін әділ қарау мақсатында, комиссия жұмыстан босатылған қызметкерлердің әрқайсысының мәселесін жеке қарап, шешуді іске асырмақшы.
Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жанынан жуырда құрылған қоғамдық кеңес пен мәжіліске қатысушыларды жұмыс комиссиясының жұмысына барынша көмек көрсетуге шақырды.