Маңғыстау облысы аумағындағы қатты боранға байланысты жабылған республикалық жол бүгін ашылды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Маңғыстау облысы аумағындағы қатты боранға байланысты жабылған «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» автожолының 210-641 шақымындағы Опорный-Шетпе аралығы бүгін сағат 13:00-де ашылды.

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, аталған мекеменің Маңғыстау облысындағы филиалының қызметкерлері боран салдарынан қар басып қалған учаскелерді толығымен тазалағаннан кейін, автожолдағы көлік қозғалысы қайта жанданды.

Айта кетейік, бүгін еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық маңыздағы барлық жолдар ашық.