Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті.
Сөз арасында облыс басшысы бүгінгі алмағайып заманда туып отырған жаңа қатерлер жедел ден қоюды талап ететінін атап өтті. «Біз түрлі қатерлер табан астынан туындайтын жаһанданған әлемде өмір сүрудеміз. Республикамызда терроризмге қарсы комиссия бар, облысымызда терроризмге қарсы күресетін штаб жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, террористік жағдайларға ғана емес, техногендік сипаттағы оқиғаларға да жедел ден қою қажет, бұған қаражат қаралып отыруы тиіс. Біз ғана емес, барлық облыстар да бұған дайын болуы керек. Сондықтан да, біз осы мақсаттарға бюджетке 300 млн. теңге қарастырдық», - деді журналистер сауалына жауап берген облыс басшысы А.Айдарбаев.