2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Маңғыстау облысында бірыңғай мектеп формасы тегін беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат-Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында 12 500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. 1-сынып оқушыларына бірыңғай мектеп формасы мен оқу құралдары тегін беріледі, деп хабарлады 24.kz

«1-сыныпқа баратын барлық оқушылардың мектеп формасына қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Әрбір мектеп формасының құны мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес анықталады. Орташа есеппен 5-6 мың көлемінде шығып отыр», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.