Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 10 пайызға төмендеді

АҚТАУ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 10 пайызға төмендеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Азық-түлік өндірісінде 27,2 пайыздық төмендеуге жол берілді, бұл ұн тарту өндірістеріне тапсырыстардың болмауынан  қысқартылуымен байланысты. Тоқыма бұйымдары өндірісінде 27,9 пайыздық төмендеу байқалды, бұл ағымдағы жылы өнімдердің төмен сұранысымен байланысты. Машина жасауда 29 пайыздық төмендеу байқалды. Бұл аймақтың машина жасау саласының негізгі кәсіпорындары - «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-машина зауыты» АҚ, «GMMOS Қазақстан» ЖШС-нің толық қуатында жұмыс жасауына жүктелімнің аздығына байланысты болды.