Маңғыстау облысында ЖКО-да алты адам зардап шекті

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Баянды - Ақтау автожолындағы жол-көлік оқиғасында алты адам зардап шекті.

«Лада» газеті хабарлағандай, ЖКО қарсы бетке шығып кетіп, 65 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Фольксваген Джетта» автокөлігімен соқтығысқан «Опель Вектра» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. ЖКО салдарынан «Фольксвагеннің» төрт жолаушысы және «Опелдің» екі жолаушысы ауыр жарақат алды, оның ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар.