Жол апаты Мұнайлы ауданында орын алған. Полиция мәліметтеріне қарағанда, Mitsubishi Pajero көлігін мінген 19 жастағы жүргізуші қарсы жолға шығып кетіп, Subaru Forester көлігіне соғылады. Оны 31 жастағы ер адам басқарған. Апат салдарынан Subaru Forester көлігінің екі жолаушысы - 7 жасар қыз бен оның 5 жастағы інісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Актау-Жаңаөзен трассасында болған тағы бір жол апатынан 34 жастағы әйел адам ауыр жарақаттар алды. полиция мәліметтері бойынша, Niva көлігін мінген 22 жастағы Жаңаөзен тұрғыны Toyota Camry көлігіне соғылған. Апат салдарынан Toyota Camry көлігінде болған жолаушы әйел ауыр жарақаттар алып, Жаңаөзен ауруханасына жатқызылды.