Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lexus көлігінің екі жолаушысы, 51 және 33 жастағы ер адамдар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Жамбасы сынған жол талғамайтын көліктің жүргізушісі, 30 жастағы ер адам аудандық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілді. 21, 20 және 19 жастағы үш жолаушы ауруханаға апарылды, олардың біреу жабық бас сүйек-ми зақымын алған. Үшеуі де медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.
Аталған оқиғаның фактісімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады lada.kz.
Фото www.drive2.ru