«Облыста көптеген жол-көлік оқиғалары орын алуда. Зардап шеккендердің 60 пайыздан астамы ауруханаға жете алмай көз жұмады. Мұндай жағдайда шалғай ауылдық емханалардың автопарктерін толықтыру - қажетті шара. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы жедел жәрдем базасында жүргізушілер мен полицейлерді алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту жоспарлануда. Бұдан басқа, 2014 жылы Мұнайшы ауылында және Бейнеу ауданында екі жол бойындағы медициналық-санитарлық бекет ашу көзделуде», - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Руслан Бектібаев.
Түпқараған, Қарақия және Мұнайлы аудандарына екі машинадан берілді, Маңғыстау ауданы - үш көлікке, Бейнеу ауданы - 5 машинаға ие болды, бір автомашина Жетібай кентінің ауруханасына тапсырылды.