Ильяс Сандыбаев 1979 жылы 10 қырқүйекте Түрікменстан Республикасы Красноводск облысында дүниеге келген.
2001 жылы прокуратура органдарында еңбек жолын бастаған. Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, прокурор және басқарма аға прокуроры, Маңғыстау ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары және басқарма бастығы болды.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында қызмет етті. 2020 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.