Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері аймаққа құны 1 миллиард 566 миллион, 25,6 мың долларды құрайтын тауарлар мен көлік құралдары импортталған. Өткен жылмен салыстырғанда импорт 4,3 пайызға ұлғайған. Ал аймақтан экспортталған тауарларының құны 5 миллиард 157 миллион 310,5 мың АҚШ долларын құрады. Осылайша экспорт өсімі 51,4 пайыз болды.
Сондай-ақ жыл басынан бері кедендік төлемдер мен салықтар 37 миллиард 639 миллион 179 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,9 пайызға көп. Сонымен қатар департамент мәліметтері бойынша жыл басынан бері 13 қылмыстық іс қозғалған.
Ал әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 300 іс қозғалған.