Героин күдіктінің үйінде жұмсақ ойыншықтың ішінен шықты, деп жазады Лада.кз .
Қылмыс Мұнайлы ауданында тіркеуге алынды. Жедел ақпарат келіп түсісімен есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері Қызылтөбе-2 ауылының 43 жастағы тұрғынының ізіне түсті, тінту барысында оның үйінен есірткі заты табылды. 3,17 грамм героин асүйде жатқан ойыншық аюдың ішінен шықты. Есірткі заты целлофанға оралған.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.