МО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың сәуір айында 21 жастағы жігіт үйленбек ниетте кәмелет жасына толмаған ауылдас қызын алып қашқан. Енді ол осы әрекеті үшін 5 жылға бас бостандығынын айырылуы мүмкін.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол МО ІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді»,-делінген баспасөз хабарламасында.
Ал, жігіт қылмыскер емес екенін, алып қашқан қыздың желтоқсанда 16-ға толатынын алға тартуда. Олар 2 ай бойы бірге тұрған.