Маңғыстауда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмыскер көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жаңа нысанды салу кезінде 19 жастағы жұмыскер қаза тапты, деп хабарлайдыlada.kz құқыққорғау органдарына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданының Атамекен кентінде орын алды. Қайтыс болған 19 жастағы жігіт - осы аудандағы Басқұдық ауылының тұрғыны. Ол басқа да жұмыскерлермен бірге «Жалын» тұрғын үй массивінің қасына жаңа мектеп салып жатқан. Жас жігіт екінші қабаттың шатырынан құлап, сол жерде жан тапсырған.

Қайғылы жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.