Баланы қағып кеткен Opel Vectra көлігін Мұнайлы ауданындағы Басқұдық кентінде уақытша тұрып жатқан 20 жастағы өзбекстандық азамат басқарған. Ол «Құрмет» дүкенінің жанында жолдың жиегімен келе жатқан велосипедшіні қағып кетті.
Жол апатының салдарынан жарақаттар алған тоғыз жасар бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді.