Полиция деректеріне сүйенсек, 41 жастағы ер адам Howo көлігімен артқа шегінемін деп 22 жастағы әріптесін басып кетті. Бұл кезде жұмыскер өткел бөлігінде жол жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын.
«Алдын ала деректер бойынша апатқа жүк көлігі жүргізушісінің абайсыздығы себеп болды. Өкінішке орай, жас жігіттің алған жарақаты ауыр болып, оқиға орнында жан тапсырды», - деді полициядан.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.