16:33, 06 Сәуір 2009
Маңғыстаулық боксшы Бакуде алтын медальге ие болды
АҚТАУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Баку қаласында ересек боксшылар арасында «Жібек жолы» атауымен өткізілген халықаралық турнирде маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов алтын медальге ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тоғыз мемлекеттің 98 былғары қолғап шеберлері наурыздың 28-і мен сәуірдің 2-сі аралығында қолғап түйістірді. Турнирге Ақтау қаласынан 75 килә салмақта ҚР еңбегі сіңген бокс жаттықтырушысы Марат Жакиевтың шәкірті ҚР спорт шебері Әділбек Ниязымбетов те қатысқан болатын. Әділбек ақтық кездесуде ринг иесі Әзірбайжанның боксшысымен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.