Маңғыстаулық үш команда Көңілділер мен тапқырлар клубы «Каспий» аймақтық лигасының финалына өтті
18:57, 12 Мамыр 2009
АҚТАУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Атырау қаласында Қазақстан Көңілділер мен тапқырлар клубы одағының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Каспий» аймақтық лигасында маңғыстаулық үш команда жоғары балға ие болып,
финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған лигаға батыс өңіріндегі 4 облыстан 20 команда қатысты. Соның үшеуі ? Маңғыстау облысынан барған «Болашақ» институтының командасы, Ақтау өнер колледжінің «Өнерлі жігіттер» және жаңаөзендік «Мұнай тамшылары». Жартылай финалда тек сәлемдесу аталымы бойынша өнер көрсеткен командалар құрамы 6-7 адамнан тұрды. Маңғыстаулық үш команданың әрқайсысы 35-36-37 балдан жинап, күз айларында өтетін финалға қатысуға жолдама алды.