Жаңа цехта қытайда шығарылған тоқ пештері орнатылған. Өндірісте қолданылып жатқан алдыңғы қатарлы технологиялар құймаларды шығару кезінде тоқ қуатын екі есеге дейін аз қолдануға мүмкіндік береді.
«Біздің өнімнің қазақстандық рынокта сатылуының үлесі орасан, - деп атап өтті «Format зауыт» ЖШС-інің бас директоры Александр Янбулатов. - Негізгі пайдаланушылар - тау-кен өндіру кәсіпорындары, оның ішінде көмірді үгіту үшін біздің өнімдерімізді пайдаланатын біздің іскерлік әріптесіміз «Қазақмыс», қазақстандық электр стансылары». Цех іске қосылғаннан кейін зауыт қосымша 500 тонна құрыш марганецті құймаларды шығарып, құйылмалардың жалпы шығарылымы айына мың тоннаға дейін арттырылады.