Өте көлемді полотносында Шагал 1917 жылы өзі куә болған ресейлік оқиғаларды зерделеген. Картинада революция әскерлері де, тоғышар тұрғындар да көрініс тапқан. Туындыда Шагалдың «фирмалық белгілері»: ерлі-зайыпты мен ешкі бейнесі де бар.
Алғашында «Революция» 1937 жылы салынған деп есептелген-ді, алайда париждік Шагал Комитеті ғылыми ізденістері нәтижесінде суретші картинасын 1968 жылы бейнелеген деген тұжырымға келіп отыр. Кейіпкерлері кескініне, бояулар нақышыена және жалпы композициясына қарап, бұл еңбек Шагалдың сол кезеңдегі басқа да картиналарымен, мәселен «Соғыс» (1966) туындысымен ұқсас екен.
Шагал бұл туындысын ерекше жақсы көрген және оны француздық Сан-Поль-де-Вансе қаласында, 1985 жылы өмірден өткенінше үйінде сақтапты. Шагал Комитетінің мәлімдеуінше, суретші «Революциясын» өз өнерінің ең құнды дүниесі деп санаған.