Оқиға 2011 жылдың 21 қарашасында Қонаев даңғылында болды. «Ауди-80» көлігінің жүргізушісі - Абай бөлімінің бұрынғы криминалистика маманы, майор Асқар Құлбаев шамамен сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүре отырып, жүргіншілерге арналған жолды өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып кетті. Бұдан кейін ол оқиға орнынан ізін суытқысы келген, алайда оны жол-көлік оқиғасының куәгерлері ұстады. Бұл іс қоғамдық жаңғырыққа ие болды.
16 жасар Динар Атаджанова оқиға орнында көз жұмды. Сараптама жүргізушінің мас болғанын дәлелдеді. Асқар Құлбаев қылмыстық кодекстің екі бабы: «Өлімге әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасын бұзу» және «Оқиға орнын тастап кету» бойынша айыпталған. Бұл қылмыстық баптар орта ауыр қылмыстар санатына - абайсыздан жасалған қылмыстарға жатқызылады. Яғни бұл баптар бойынша айыпталғандар Мемлекет басшысымен қол қойылған рақымылыққа түседі. Әл-Фараби сотының сот төрешісі Шара Бисимбиева ешқандай қылмыстық жазаға кескен жоқ, сотталушыны жүргізуші куәлігінен де айырмай, сот залынан босатты.
Мемлекеттік айыптаушы - Әл-Фараби ауданы прокурорының бас көмекшісі Серік Қожамқұлов қадағалау органы бұл шешімнің заңдылығын қарастыратынын мәлімдеді. Алайда, «сот қатаң түрде заң шеңберінде әрекет жасаған», деп атап өтті прокурор.