Ескерткіш қызмет киімін киіп, қолына арнайы сумка-жәшігін ұстаған машинист түрінде жасалған. Мүсін темір-бетоннан жасалып, қоламен қапталған, делінген хабарламада.
Ескерткіш орнату идеясын Ақтөбе локомотив депосының жұмысшыларыі мен ардагерлер кеңесі ұсынған. Қазақстанның теміржол көлігінің тарихы дәл осы жерде - Ақтөбеде басталады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Локомотив машинистері теміржолшылар қатарының авангардын құрап отыр. Бұл - теміржол көлігіндегі басты тұлға және №1 мамандық», - деп мәлім етті «Локомотив» АҚ бірінші вице-президенті Қазезхан Жұматаев ескерткішті ашу рәсімінде.