«Мәскеу ? Арал теңізі ? 2009» этномәдени экспедициясына қатысушылар Орал қаласында болды

ОРАЛ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Мәскеу – Арал теңізі – 2009» этномәдени экспедициясына қатысушылар Орал қаласында болып, оларды қала әкімі Самиғолла Оразов қабылдады.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, кездесуде Ресейдің бес өңірімен шектесетін БҚО-ның тарихи орны, Арал теңізінің қазіргі жай-күйі, соған байланысты Үкімет тарапынан алынып жатқан шаралар туралы әңгіме болды. Экспедиция жетекшісі, Мәскеу қаласы экономикалық саясат және даму департаменті директорының бірінші орынбасары Алексей Пешков атап өткеніндей, экспедиция мақсаты екі елдің мәдени байланысын одан әрі дамыту, достықты нығайту болып табылады. Космонавтика күніне орай ұйымдастырылған экспедиция мүшелері Маңғыстаудағы Үстірт арқылы Аралға асып, одан соңғы нүкте Байқоңырға жетпек.