Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне оқиға болған «Мәдениет саябағы» стансысына келген Қылмыстық полиция қызметінің ресми өкілі В.Маркин хабарлады.
«Метроның екі стансысында іске қосылған жарылғыш құрылғының типі пластит деп пайымдалып отыр», деді В.Маркин. Сол сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды шаһид әйелдердің қосқанын растады.
Дерек көздің мәлім етуінше, «Мәдениет саябағы» стансысындағы жарылғыш құрылғының қуаты 1,5 келі тротилге тең болған.
Бүгін таңертең Мәскеу метросында жарылыс болғанын ҚазАқпарат хабарлаған болатын. РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, «Лубянка» стансысында болған жарылыстың салдарынан 22 адам қаза болып, 11 адам зардап шеккен, ал «Мәдениет саябағы» стансысында 12 адам жарылыс құрбаны болған, 15 адам зардап шеккен.