Мәскеуде әнші Мүсілім Магомаевқа ескерткіш орнатылмақ

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде атақты әнші Мүсілім Магомаевқа ескерткіш орнатылады, бұл туралы тиісті өкімге астана мэрі қол қойды,

деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Монумент Тверь көшесінің бойында Әзірбайжан елшілігінің қарсы бетінде орнатылатын болады. Мүсінді сәулетші Александр Рукавишников құяды. Ескерткішті тұрғызу жөніндегі жұмыстар 2011 жылдың соңына дейін аяқталмақ.