Бұзақылар шыны қабырғаларды сындырып, фойеге түтін құтыларын лақтырған. Содан кейін, кіреберіске үнпарақтар шашып, іздерін жасырған. «Өздерін антифашистер (антифа) деп жариялаған әлгілер, «Комсомолка» басылымын мигранттар мен антифашистерге қатысты жалған ақпараттар береді деп айыптаған», делінген оқиғаға қатысты газет басшылығы таратқан хабарламада.
09:01, 11 Желтоқсан 2009
Мәскеуде белгісіз біреулер «Комсомольская правда» газетінің редакциясына шабуыл жасады
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде белгісіз біреулер «Комсомольская правда» газетінің редакциясына шабуыл жасады. Басылымның хабарлауынша, кеше Мәскеу уақыты бойынша сағат 20.00-ларда редакцияға шабуыл жасалған.