«Билеттерді бүгінен бастап www.icetickets.ru сайтынан сатып алуға болады. 22 наурыз. Ресей. Мәскеу. Кремль сарайы», - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Бұрын хабарланғандай, Димаш Құдайберген Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі және «Жібек жолы мәдениетінің Елшісі» атанды.