Мәскеуде «Таяу Шығыс төрттігінің» мәжілісі басталды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Мәскеуде Ресей, АҚШ елдері мен БҰҰ және Еуроодақ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Таяу Шығыс төрттігінің» мәжілісі басталды.

Жиынға қатысушылар палестина-израиль дағдарысын шешу және тараптар арасындағы келіссөз үдерісін жандандыру мүмкіндіктерін талқылауда, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі.

«Кездесуге қатысушылар таяушығыстық проблемаға қатысты қалыптасып отырған күрделі жағдайды, сондай-ақ келіссөзді жандандыруға жағдай жасау үшін «төрттік» тарапынан ұсынылып отырған идеяларды талқылауға жиналып отыр», деп хабарлады РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.