Мәскеудегі лаңкестік шетелдік қолдаумен жүзеге асырылуы ықтимал - С.Лавров

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, дүйсенбі күні таңертең Мәскеу метросында ондаған адамның өмірін қиған лаңкестік әрекеттің шетелден жасалған қолдаудың көмегімен болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.

«Мен осындай жағдайды жоққа шығармаймын, ештеңені жоққа шығаруға болмайды», деп мәлім етті С.Лавров журналистердің сауалдарына берген жауабында.

Министрдің айтуынша, «Пәкістан мен Ауғанстанның шекарасында ешжаққа бағынбайтын аумақтың бар екенін» Мәскеу жақсы біледі. Осы аумақта «лаңкестер бекініп алған», деді министр өз сөзінде.

«Тек Ауғанстандағы ғана емес, басқа да елдерде жасалып жатқан көптеген лаңкестік әрекеттердің сол жерде ойластырылатынын біз білеміз... Кейде ол бағыттар Кавказға да апарады», дейді С.Лавров. Министрдің атап көрсетуінше, осының бәрі «лаңкестікпен күрес жөніндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын тағы да қуаттап отыр».