деп хабарлады Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметінен.
Тексеру комиссиялары туралы ереженің бекітілмегені, есептілік құжаттарының бірыңғай нысандарының әзірленбегені анықталды. Тексеру комиссиялары сыртқы бақылау жүргізу бағдарламаларын жасамаған. Тексеру комиссияларының жұмыс жоспарлары мәслихаттардың сессияларында қаралмайды. Бақылау нысандарында алдын ала зерделеу жүргізілмейді.
Оған қоса, бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша есептер тұрақты түрде жасалмайды, әрі еркін нысанда жасалып жүр. Тексеру комиссияларының мүшелері мен мамандары бақылау нәтижелері бойынша жасалған қорытындылардың анықтығы мен шынайылығына дәлел бола алатын ақпаратты жеткілікті көлемде бермеген, бұзушылықтар дұрыс тұжырымдалмаған. Тексеру материалдарында заңдық күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасалған. Бақылау барысында мәслихаттардың тексеру комиссиясының тексерушілері тек бюджет қаражатының жұмсалуын сипаттаумен ғана шектелген. Бірқатар актілерде тексерілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұзушылықтар туралы деректер, мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізудің деңгейі туралы шынайы мәліметтер жоқ.
Сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары Бюджет кодексінде көзделген бақылау функцияларын жеткілікті дәрежеде орындамай отыр, жергілікті бюджеттерге түсімдердің уақтылы және толық түсуіне қатысты мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін тексерулер жоспарланбаған және жүргізілмеген.
Тексеру жүргізуге тартылған мамандардың сапалы әрі толыққанды бақылау жүргізу үшін қажетті білімі мен машығы болмаған. Тексеру комиссиялары мүшелерінің барлығы бірдей тексеріске қатыса бермеген, олардың арасындағы міндеттер бөлінбеген, кейбіреулері лауазымдық міндеттерін жүрдім-бардым отыр. Тексеру комиссиялары мүшелерінің басым көпшілігінің қаржылық бақылау саласында тәжірибелері жоқ, олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар өткізілмеген.
Есеп комитеті жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаудың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жұмысының жылдық жоспарларын, бақылау бағдарламаларын әзірлеуді ұсынды. Тексеру комиссияларының құрамына мемлекеттік қаржылық бақылау саласында кәсіби дайындығы және тәжірибесі бар мамандарды алу, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолдану ұсынылды. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептер жасаудың, жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелер жөнінде жергілікті мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру жүргізудің қажеттілігі көрсетілді. Бақылау актілерінде тексеру барысында анықталған бұзушылық фактілері мен сомасын, қаржы тәртібін жақсартуға қатысты ұсынылатын шараларды көрсету жөнінде ұсынымдар берілді.