ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 21 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары тұр.
«Жасыл аймақта» Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана.
Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.