Бүгін елордада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев елімізде тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі барысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Адами өлшемдер біздің төрағалығымыз барысында да ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіндегі маңызды мәселелерінің бірі болып қала береді. Қазақстан БДИПЧ, Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссар қызметіне, еркін БАҚ өкілдеріне қолдау көрсетуді жалғастыратын болады. Өз елімізде этникааралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің оң тәжірибесін иелене отырып, біз толеранттық пен мәдениетаралық диалогты ЕҚЫҰ кеңістігінде Төрағалығымыздың маңызды басымдығы ретінде қарастырамыз. Дәл осы мәселеге арналып Астанада маусымның 29-30-ы аралығында ЕҚЫҰ Конференциясы өтеді. Яғни, конференция толеранттық пен кемсітпеушілікке арналады деп жоспарлануда», деді Қ. Саудабаев.