ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөрлі ауданы Пугачев ауылында тұратын соғыс және еңбек ардагері Шәріпқали Хасановқа облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов жаңа пәтердің кілтін табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда Шәріпқали Хасановтың зайыбы Жамиға екеуінің он жеті немересі, үш шөбересі бар.
Аталмыш ауылда қоспәтерлік екі үй салынған болатын. Жаңа пәтердің біріне осында әкім болып барған Сапарғали Сиражев қоныстанса, қалған үйлер де бюджет саласы қызметкерлеріне берілетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).