«Майқапшағайда» кеден ірі контрабандамен «Вольво» көлігін ұстады - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - «Майқапшағай» кеден қосынында жүк тіркемесі бар «Вольво» көлігін тексеру кезінде кеденшілер және контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері декларацияланбаған ірі мөлшерде халық тұтынатын тауарларды анықтады, деп хабарлнды ШҚО бойынша КБД-нің баспасөз қызметі.

Тауарлар көліктің жүксалғыштарынан табылды. Тауардың қабылдаушысы Ресей Федерациясында тіркелген фирма болып шықты.

Есептерге сәйкес, декларацияланбаған тауарлардың құны 9 552 483,56 теңгені құрады.

ҚР ҚК-нің 209 бабы, 2 бөлімі, «г» тармағында көрсетілген қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс ҚР Қылмыстық-процессуалды қылмыстың 192 бабына сәйкес тергеу амалдарын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.