Поп-музыка королі 1983 жылы өзінің атақты «ай бетіндегі жүріс» биін алғаш орындаған кезде, оның сол қолында әшекей тастармен, безендірілген дәл осы қолғап болған еді. Сол концерттен кейін әнші бұл қолғапты Commodores музыкалық тобының қатысушысына тарту еткен еді, деп хабарлайды РТР-Вести.Ru басылымы.
Нью-Йорктегі Hard Rock Cafe дәмханасында өткен аукционға Майкл Джексонға қатысты 70-ке жуық жәдігерлер, атап айтқанда, оның концерттерінің жарқағаздары, оның хаттары, альбомдары, Майкл 9 жасында өз қолымен салған Чарли Чаплиннің портреті, т.б. зат болды.