«Кеше Алматы облысы Қызылту ауылының маңында Көкшетау- Алматы бағытындағы «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырап, оның бес экипаж мүшесі мен жолаушылары қаза болды. Өте ауыр қайғы. Депутатық корпус атынан осы қазаға ортақтасып, көңіл айтамыз», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Естеріңізге сала кетейік, кеше түскі сағат 1 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған. Оқиғаға байланысты арнайы Үкімет комиссиясы құрылды. Оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев басқарды.