Мәжіліс депутаттары Ақмола облысының Ішкі істер департаментінде болды

Фото: None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитеті жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі сараптамалық топ Ақмола облысы Ішкі істер департаментінде болды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиынды ашқан Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров Парламент қабырғасында талқыланып жатқан ішкі істер органдары туралы заң жобасының жаңа редакциясы жөнінде әңгімелеп берді. Атап айтқанда, жаңа құжатта негізінен жеке күзет құрылымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылды заңнамалық деңгейде шешу көзделген. Тоқтала кететін жайт, дәл осы тәжірибе Ақмола облысының аумағында бір жыл бойы қолданылып, сынақтан өтіп келеді.

Жиын барысында ішкі істер органдарына қатысты басқа да өзекті мәселелер туралы айтылды. Қатысушылар жолдардағы қауіпсіздік, жүргізушілерді оқыту сапасы мен техникалық байқауға қатысты жаңалықтар туралы әңгіме өрбітті.

Шара аясында Мәжіліс депутаттары ІІД қызметтік техникаларымен танысып, «Отан» автомектебінде және көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету орталықтарында болды.

Соңғы жаңалықтар