17:18, 09 Сәуір 2009
Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауына байланысты облыс аудандарында болды
ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Иван Чиркалин, Шавхат Өтемісов, Елена Тарасенко БҚО аудандарында болып, тұрғындармен кездесуде Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Зеленов, Сырым, Теректі, Бөрлі аудандарында болған халық қалаулылары, әсіресе, ауыл шаруашылығы мәселелеріне баса көңіл бөлді. Биылғы көктемгі егіс, егін орағы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелері кеңінен сөз болды. Бұл ретте өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде тауарды сырттан тасымай, өнімді өзімізде өндіру, соған орай жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі өткір қойылып отыр. Осыған байланысты депутаттар мен ауыл шаруашылығы мамандары пікір алысты. Парламенттің аграрлық мәселелер бойынша комитетінің хатшысы И.Чиркалин мұндай ұсыныстардың тиісті орындарға берілетінін жеткізді.