Мәжіліс депутаттары Ішкі істер министрлігі ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты.

Басқосуда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жүктелген міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, шара барысында «Қазақстан-2050» стратегиясында қамтылған басым бағыттарға байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек Сүлейменов баяндама жасады.

Сондай-ақ, отырысқа Мәжіліс депутаттары Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков қатысты.