деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен.
Елбасының тапсырмасымен салынған зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан Мәжіліс депутаттары мемлекеттік зауыттың шаруаларға қолайлы жағдай жасау бүгінгі күннің басты міндеті болып табылатынын айтты. Зауытта өндірілген мақта талшығының сапасы мен өңделген мақта шитінің сұрыптарын көрді.
Халық қалауларымен өткен кездесуді жүргізген «Нұр Отан» ХДП Мақтарал филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев Елбасы Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуының маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті.
Басқосуда депутаттар Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бері жеткен жетістіктеріне, халық қалаулары қалай жұмыс жасап жатқанына тоқталып, Елбасымыз ауылды, ауыл шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөліп, қамқорлықтан қақпай, жанашырлықпен қолдап келетініне, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ауыл мәселесіне ерекше тоқталып, алдағы жаңа тарихи кезеңде оны дамытудың міндеттерін айқындап бергеніне тоқталды.
Оңтүстік Қазақстанның ең ірі өндірістік-аграрлық аймағы - Мақтаарал ауданы. Онда қазіргі нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланған. 300 мыңнан астам халқы бар аймақтың жері де өте құнарлы, мақта, көкөніс-бақша өсіруге қолайлы. Аймақ Қазақстандағы негізгі ең ірі мақта шаруашылығы дамыған өңір екендігіне кеңінен тоқталған аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов, жиынды қорытындылап, Жолдауда белгіленген тапсырмаларды орындауға бір кісідей атсалысуға шақырып, мақтаралдықтар Мемлекет басшысының Жолдауын бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Жиында басқа да азаматтар сөз алып, «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатқа қатысты өз ойларымен бөлісті.